16.11.2020, 17:00
Оқылды: 12

БҚО-да кәсіподақтың қатысуымен еңбек адамының құқығы сотта қаралып, оң шешімін тапты

БҚО Сырым аудандық сотында Б.Е.Баймұханованың төрелік етуімен еңбек қатынастарында дауға ұласқан білім саласы мамандарының ісі қаралып, нәтижесінде сот шешімі мұғалімдердің еншісіне шешілді.

A8D10D52-E829-41A7-B1FE-67BA0D2D8CB6

Талап қоюшы А. және Р. «Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Ж.Досмухамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын және физика пәні мұғалімдері болып жұмыс атқарып келді. 11.07.2018 жылы оларға «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілген. Талап қоюшыларға жауапкер 2018-2019 оқу жылындағы еңбекақыларын дұрыс төлемеген. Құқықтары бұзылған мұғалімдер алдымен кәсіподақ ұйымына жүгініп, еңбек қатынастарына қатысты қажетті кеңестерді алып, артынша іс сотқа жіберілді. Талап қоюшылар 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарына төленуге тиісті еңбекақыларын «педагог-зерттеуші» жоғары санатты мұғалімге теңестіріп, тиісті коэффициентімен төлеуді жауапкерге міндеттеуді және одан моральдық зиянды өндіруді сұрады.

Сотта «Қазақстандық салалық білім білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» өкілі Г.Е.Курмангазиева, талап қоюшыларға 29.06.2018 жылғы No316 бұйрықтың 87-1-тармағы негізінде «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары жоғары санатты лауазымына теңестіріліп, 27.12.2018 жылғы №716 бұйрыққа сай біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман ретінде төленуге тиістігін айтты. Сонымен қатар, аталмыш сот отырысына Білім және ғылым министрлігінің өкілі А.Алдияров үшінші тұлға тарапынан қатысып, талап қоюшылардың талаптары заңды болғандықтан талапты қанағаттандыру жөніндегі пікірін жеткізді.

Бірнеше сот шақырылымдарының нәтижесінде, сотқа қатынасушы үшінші тараптың пікірлерін ескере отырып, БҚО Сырым аудандық сотының бас қазысы – Б.Е.Баймұханова: «Сырым аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне А-ға «педагог-зерттеуші» квалификациялық санатын жоғары санатты мұғалімге теңестіріп,  Р-ға «педагог-зерттеуші» квалификациялық санатын жоғары санатты мұғалімге теңестіріп, 2018-2019 оқу жылына төленбеген еңбекақы айырмасын А.-ға 289 087 теңгені, Р.-ға 290 219 теңгені әрқайсысынан заңға сай ұсталуға міндетті жарналарды ұсталып төлеу міндеттелсін» деген шешімін ұсынды. Сот отырысында оң шешімге жеткен білім саласының мамандары кәсіподақ қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

"БҚО кәсіподақтар орталығы" АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале