Британияның SPORTbible спорттық басылымы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің алаңның ортасынан соққан голын назардан тыс қалдырмады.

Гол Ұлттар лигасы матчында Албаниямен ойын кезінде салынды. «Тоқта, сен не істеп жібердің? Алаңның дәл ортасынан соғылған гол. Қазақстандық Айбол Әбікен жылдың үздік голдарының бірін кіргізіп, қақпашыны қапы қалдырды. Бұл мүмкін емес», - делінген басылымның твиттерінде.
Еске сала кетсек, Әбікеннің кіргізген добы құраманы жеңілістен құтқармады: Қазақстан бұл ойында 1:3 есебімен ұтылды.
inform.kz