17.11.2020, 12:17
Оқылды: 50

Көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы қалай тағайындалады?

Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда ең алдымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз.

6AF4BC97-534B-4005-BE8B-FE7DB20A6E54

Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді.

Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;

Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;

Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:

Жеке куәлік;

Балалардың құжаттары;

Банктік есепшот жөніндегі анықтама.

Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.

Төлем мөлшері:

4 бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 тг);

5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);

6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);

7 немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 тг).

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале