18.11.2020, 9:28
Оқылды: 39

Головкиннің «Канеломен» трилогиясы алдында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсан күні АҚШ-та өткізеді.

спорт

Оның қарсыласы – ІBF-тің міндетті үміткері, Польша боксшысы Камил Шеремета болады. Бұл айқас Сауль «Канело» Альварестің 19 желтоқсанда DAZN-да Каллум Смитқа қарсы жекпе-жегінің алдында өтеді. Қазақстандық және мексикалық спортшылардың үшінші айқасы келесі жылы өтеді деп жоспарланып отыр.

«Енді, 19 желтоқсанда «Канелоның» Смитқа қарсы жекпе-жегі өтетін болса, Головкин мен Шеремета 18 желтоқсанда жұдырықтасатын болады, әрине, егер DAZN-мен келісу мүмкін болса. Дереккөздерге сенсек, бұл кездесу Техас немесе Флоридада өтуі мүмкін және «Канело» мен GGG мамыр айындағы үшінші жекпе-жектің алдында бірдей кестеге орналасады», - деп жазды Коппинджер Twitter-де.

Еске сала кетсек, BoxRec.com беделді сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшылары рейтингісінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Ондағы бірінші орында британдық боксшы Тайсон Фьюридің есімі тұр, одан кейін тізімде АҚШ өкілі Эррол Спенс пен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орналасқан.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале