18.11.2020, 13:45
Оқылды: 44

Талай балуанның тәлімгері

Өткен аптада белгілі бапкер Серікбай Жүкиев 70 жасқа толды. Ауыл баласынан өңір спортына жаңа табыстар әкелген саңлақ спортшыға, кейін талай балуанның тәлімгеріне айналған ұстазға айналған Серікбай ағаның өмір жолында өнеге көп.

DF9FF408-7D77-46A8-8E63-82291E48779B

Ол 1950 жылы 13 қарашада Көздіқара ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 орта мектебін бітірген.

Білім мен арман бозбала Серікті оңтүстікке сүйреді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы педучилищесінің «Дене шынықтыру» бөліміне түсіп, 1972 жылы «Еркін күрес маманы», «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. Мектепте оқып жүргенде грек-рим күресінен жаттықтырушысы Анатолий Дурнев болса, Шымкентте оқып жүргенде кәріс ұлтының өкілі Виктор Васильевич Таннан тәлім алды.

Жылдар белесінде Жүкиевтің жеңісті ізі сайрап жатыр. Ол бірнеше рет еркін және қазақша күрестен облыс чемпионы атанды. Серікбай балуан 1971 жылы 7-9 ақпанда Сухандария облысы, Гагарин ауданы, Термез қаласында өткен Өзбекстан біріншілігінде ІІІ орын алды. 1974 жылы 7-9 тамызда Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалғанда өткен Қазақстан біріншілігінде осы жетістікті қайталады.

- 1972 жылдан бастап Қособа орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққанша 42 жыл жұмыс істедім. Көптеген шәкірттерім ізімді қуды. Спортта табыс көрсетіп, кейін осы саланың мұғалімі болды. Шағырлой ауылындағы Ержан Бисенғалиев, Бәйтерек ауданындағы Бауыржан Мұқанов, дене тәрбиесі факультетінің түлектері Жұмабай Айжарықов, Сансызбай Нұрғалиевтерді айтар едім. Облыстық, республикалық жарыстарда жақсы нәтижелерге жеткен шәкірттерім бір төбе. Облысымыздың үш дүркін түйе палуаны, қазақтың батыры Оралбек Қожагелдинді мен әлі балаң жігіт, бозбала Оралбек ретінде еске аламын. Спорт шебері Қайрат Зинешов, Ержан Бисенғалиев, бірнеше дүркін Азия құрлығының жүлдегерлері, ауыр салмақты және жартылай ауыр салмақты ағайынды Әділхан Үсенов, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, даңқты балуан Еділ Үсенов, Бірлес Есенғалиев, спорт шеберлері, Ерболат Мұқанов, Сырлыбек Мұқанов және Жарқынгелді Егесіновтердің залға алғаш келген күндері есімде. Ауылдағы алақандай залдан әлем кубогының иегерлері, Азия чемпиондары, бірнеше спорт шеберлері, облыс, ҚР чемпиондары даярланды.

Еркін күреспен айналысқан спортшыларым бар. Жұмабай Айжарықов оқушылар арасында республика чемпионы, Жәрдем Батырғалиев оқушылар арасында қола жүлдегер атанды. Алтай Құбашев, Асхат Дүйсенғалиев, Қамбар Оспанов, Хайролла Байболатов, Ерболат Ихсанғалиев облыс чемпиондары болды. Ересектер арасында облыс чемпиондары Рамазан Мұқанов, Ержан Бисенғалиев, Марат /Мынатаубиік/Анесов, Жұмакелді Әбдіғалиев, Жетпіс Қажғалиев, Болат Кенжегулов, Марат Қажғалиев, Сейілхан Гусманов, Нұрлан Құлмурзин, Қайыров Бақытжандарға да ұстаз болдым. Әр шәкірттің жеңісі – менің мерейім!  - дейді жаттықтырушы Серікбай Жүкиевтің өзі.

533B6E61-2A76-42CE-B731-F3569E168442

1979 жылы Бүкілодақтық кәсіподақтық комитетінің ВЦПС-тің «ІХ – шы бесжылдықтың озаты» төсбелгісімен марапатталды.

116142CB-303F-4BF4-922A-EC1DF2DCC1D3

Кешегі аптада Қособа ауылында еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер, І дәрежелі төреші, «ҚР білім беру ісінің үздігі» Серікбай Жүкиевтің мерейлі 70 жасына салтанатты жиналыс өтті. Оған Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, ұстаздың әріптестері, шәкірттері қатысты. Төлеген Төреғалиев мерейлі жас иесіне құттықтаухат тапсырып, иығына шапан жапты. Белгілі жаттықтырушы Санат Берсебаев «Спорт жұлдыздары» журналының атынан «Спорт саласына сіңірген еңбегі үшін» медалін табыс етті.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале