18.11.2020, 19:15
Оқылды: 11

Еңбеккерлердің еңбегі еленді

Жуырда облыс әкімі Ғали Есқалиев ауыл шаруашылығы саласының бірқатар ардагері мен үздіктерін ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

еңбеккерлер

Аталмыш алқалы жиында біздің ауданның екі азаматы Руслан Сисенғалиев пен Қамбат Елеусіновтің еңбектері еленіп, мерейлері үстем болды.

Ауданымызда асыл тұқымды малды өсіруді қолға алған «Сисенғалиев. Р» шаруа қожалығының жетекшісі Руслан Сисенғалиевке өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің «Құрмет» грамотасын табыстады. «Жоламан» шаруа қожалығының бақташысы Қамбат Елеусінов ұзақ жылғы нәтижелі еңбегі үшін «Үздік бақташы» атанып, облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Раушан Жанатқызы,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале