19.11.2020, 9:04
Оқылды: 22

Індет жұқтырған балалар да бар

Соңғы уақытта «covid-19» ауруын жұқтырған азаматтар саны артып, өңіріміз қызыл аймаққа енді. Демалыс күндері облыс аумағына арнайы санитарлық бекеттер қойылып, Бәйтерек ауданы орталығына кіріп шыққан азаматтар да тексерілді.

TOPSHOT - This handout illustration image obtained February 3, 2020, courtesy of the Centers for Disease Control and Prevention, and created at the Centers for Disease Control and Prevention (CDC), reveals ultrastructural morphology exhibited by coronaviruses. - Note the spikes that adorn the outer surface of the virus, which impart the look of a corona surrounding the virion, when viewed electron microscopically. A novel coronavirus virus was identified as the cause of an outbreak of respiratory illness first detected in Wuhan, China in 2019. (Photo by Alissa ECKERT / Centers for Disease Control and Prevention / AFP) / RESTRICTED TO EDITORIAL USE - MANDATORY CREDIT "AFP PHOTO /CENTERS FOR DISEASE CONTROL AND PREVENTION/ALISSA ECKERT/HANDOUT " - NO MARKETING - NO ADVERTISING CAMPAIGNS - DISTRIBUTED AS A SERVICE TO CLIENTS

Қараша айы басталғалы аудан аумағында ауру жұқтырған 39 адам тіркелген. Бұл мәліметті бізге ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық департаменті Бәйтерек ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы берді.

Мекеме мамандарының айтуынша, індет жұқтырған азаматтардың ішінде 14 жасқа дейінге 6 бала бар екен. Бүгінде ауданның үш мектебінде ауру жұқтырғандар тіркелген. Сондай-ақ 9 ауылда ауру ошағы анықталыпты.

Ауру белгілері бар 25 адам үй карантиніне жабылған болса, 8 азамат аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде, тағы 6 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында екен.

Айта кетейік індеттің алдын алуға бағытталған шаралар бір мезетке де тоқтаған емес. Аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері барлық ауылдарды аралап, мектептер мен адам көп шоғырланатын орындарға және азық-түлік дүкендеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Десе де карантин талаптарына немқұрайлы қарайтындардың әлі де бар екені қынжылтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале