19.11.2020, 12:30
Оқылды: 59

Сенат Ұлттық қордан үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы құжатты қабылдады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңы қабылданды.

71526E0D-36F8-4FCB-92FE-8910B52748A2

Құжатта Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2021 жылы – 2 трлн. 700 млрд. теңге, 2022 жылы – 2 трлн. 400 млрд. теңге, 2023 жылы – 2 трлн. 200 млрд. теңге сомасында ескерілген. «Заң жобасында сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады. Аталған кепілдендірілген трансферт Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шартты қамтамасыз етеді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале