20.11.2020, 11:57
Оқылды: 53

Жайықтың жастары жалынды

Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылдық мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Жайық жастары» облыстық жайдарман фестивалі өтті. Оған Орал қаласы және аудандардан барлығы 11 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.

42E50D32-1D43-4344-BD77-35516816616D

Еліміздегі жағдайға байланысты залға көрермен жиналмай, ойын әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы тарады. Жайдарманшыларға әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамында белгілі жайдарманшы, «Қазақстан КВН одағының» редакторы Қасиет Кәрім, Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Нұрсәуле Аткеева, Подстепный мәдениет үйінің директоры Айнұр Қуанышқалиева және аталмыш әзіл фестивалін ұйымдастырушы, «Іс үшін-За дело» ЖҚБ-нің төрағасы Нұрлан Жасұланов болды.

Көрерменнің болмауы әрине жайдарманшыларға қиындық туғызғаны жасырын емес. Бірақ жалынды жастар барын салып, әдемі ойын көрсетуге тырысты. Нәтижесінде, І орынды Орал қаласынан келген «Талант» командасы жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысынан теректілік команда, атап айтсақ Шаған ауылдық округінің «Виллаж» командасы көрінді. Үздік үштікті Бәйтерек ауданының «Белес» құрамасы қорытындылады. «Үздік ойыншы» аталымында Орал қаласының «Дежавю» командасының ойыншысы Асланбек Қуанышов жеңімпаз атанды.

Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале