22.11.2020, 21:29
Оқылды: 66

Казталов ауданындағы 48 елді мекеннің жетеуі ғана 4G, 3G интернетпен қамтылған

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Казталов ауданындағы Көпкүтір ауылына ат басын бұрып, ондағы атқарылып жатқан істермен танысты. Ауылда ұялы байланыс пен интернет тарататын матчта орнатылып, техникалық су үшін бөгет тазартылуда.

eb615d05-0d6d-44f1-8743-a7f7ca90ece2

Казталов ауданындағы 48 елді мекеннің 7-і 4G, 3G интернет желісімен қамтылған. Бұл ірі елді мекендерде аудан халқының 51 пайызы тұрады. Тұрғындардың қалған 48 пайызы интернет желісіне қосылмаған. Осы мәселені шешу үшін аудан басшылығы «Қазақтелеком» АҚ келісім-шарттар жасалып, ауданның 10 елді мекеніне 3G интернет қосу жұмыстары жүруде. Аудандық бюджет арқылы Жаңатаң, Көпкүтір, Сарықұдық, Жас ауылдарына ұялы байланыстың матчталарын құрастырып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары қараша, желтоқсан айларында аяқталмақ.

51eb4bc2-77b1-458c-8e8e-1c95c80debec

Ал енді техникалық су айдау, су қоймаларын тазарту жұмыстарына келетін болсақ, соңғы жылдары ауданымызда қуаңшылық жағдайы орын алып, су тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар басқармасы ауданға эксковатор мен бульдозер сатып алып берген. Бұл техникалар аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесіне беріліп, ауылдардағы бөгеттерді аршу жұмыстарына пайдаланылуда. Бүгінде аудандағы 11 елді мекендердегі 12 бөгеттерді тазарту жұмыстары қолға алынған. Сонымен бірге 8 ауылдың көлдіктеріне су айдау жұмыстары атқарылып, Сарыөзен-Қараоба су құбырын дайындау, Фурманов каналы-Қособа және Ащысай-Қарасу каналдары қазылған.

Осындай нәтижелі жұмыстарды өз көзімен көрген өңір басшысының назарына ауданның таза ауыз сумен қамтылу жұмыстары да кеңінен баяндалды. Аудан тұрғындарының бүгінгі таңда 85,2 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен Бозоба, Сексенбаев, Еңбек, Көпкүтір, Аққурай, Саралжын ауылдарында құдықтар қазылса, Қошанкөл, Нұрсай ауылдарының ауыз су ұңғымалары жөнделіп, тазартылған. Мұнымен қоса Жалпақтал, Ақпәтер, Жаңажол, Жұлдыз ауылдарындағы таза су қондырғылары жөнделді. Ендігі кезекте Жаңатаң, Жас, Оразғали, Беспішен, Орадабай, Сатыбалды, Әбіш ауылдарын сумен жабдықтауға арналған модульдік оқшаулау станция құрылысына және Талдықұдық, Қоныс аулыдарын ауыз сумен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Барлық жұмыстар аяқталған жағдайда аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда.

183a450b-c227-4677-a1b8-e89aebe74b45

a5e4616c-689f-4a6d-b075-d34745e2fb9d d440c7a2-b07f-4439-9807-8da36bb26543

Қайрат Жақып, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале