23.11.2020, 9:39
Оқылды: 52

Жас сарбаздар марапатталды

Таяуда БҚО студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

18283434-A6A1-4E88-AC5C-6EB59AE6A568

2005 жылдан бастау алған аталмыш бағдарлама Ақ Жайық өңірінде өз жемісін беруде. Соңғы үш жыл ішінде олардың қатысуымен 38 мың түп көшет отырғызылып, 130 мың гектар жер абаттандырылған. 2020 жылы облыста «Жасыл ел» аясында 1175 сарбаз жұмыспен қамтылған. Ал студенттік құрылыс жасақтары сапында 371 жас еңбекке тартылған. Олардың 145-і Орал қаласында болды. Сарбаздар 26 құрылыс компаниясының 39 құрылыс нысандарында (мектеп, балабақша салу мен күрделі жөндеу, құбыр төсеу, жол құрылысы және т.б.) өлкеміздің ажарын айшықтандыруға атсалысты.

Салтанатты рәсім барысында жаз бойы екпінді еңбегімен көзге түскен жас сарбаздарға тиісінше марапатттар тапсырылды.

 Тоқтар Кенжеғалиев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале