Оқырмандарды газетке өз есебінен жаздырып берген кәсіпкерлерді, жомарт жандарды басылым бетіне шығарып, үлгі ретінде көрсетуді жөн көрдік. Осы аптада сондай бір жомарт жанның игі ісіне куә болдық.
Жаңақала ауданында «Муса» шаруа қожалығының иесі Тілеген Мусин көпжасарлық 20 отбасыға аудан айнасын жаздырып берді. Тілеген ағамыз ұлтжанды, руханиятқа жаны жақын, мәрт азамат.
Ауданымыздың төл газетін жаздырып беру бұнымен тоқтап қалмайды деп үміттенеміз. Еліне болсын дейтін қолы ашық, изгі ниетті жандар әлі де көп деген сенімдеміз.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы