Көпті әбігерге салып, әлі күнге дейін емі табылмай жатқан «COVID-19» індетінің таралуына тосқауыл болу мақсатында біраз шаралар қолға алынды.
Жуырда Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары мен переметныйлық жастар аудан орталығындағы дүкендерге барып, тұрғындарға вирустан сақтанудың жолдары көрсетілген үнпарақтар таратып, карантин ережелерін еске салды.
Сондай-ақ жастар көшеге шығып, тұрғындарға маска тағу міндетті екенін де айтты.
Аталмыш акциялар ауданның барлық ауылдық округінде іске асатын болады.
Карантин режимі кезінде денсаулықты күту және вирустың таралуына жол бермеу мақсатында қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде медициналық тұмшалар тағып, 2 метр арақашықтық сақтау маңызды екенін еске саламыз.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz