25.11.2020, 11:30
Оқылды: 16

Студенттер шәкіртақысы 2 есе көбейеді

Студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, делінген ҚазАқпаратта.

761CFA17-0860-4465-B1F6-231A39D02A56

«2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз», - деді ҚР Президенті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы студенттерге материалдық қолдау көрсету ісі жалғаса беретінін баса айтты. «Студенттер шәкіртақысы - 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы - 1,5 есе көбейеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале