26.11.2020, 10:01
Оқылды: 174

Сырымдықтар "Бақытты елдің ұрпақтары" конкурсында жүлдеге кенелді

"Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен республикалық "Дала сазы" онлайн байқауында сырымдық оқушылар жүлдеге кенелді.

IMG-20201124-WA0165

Қатысушылар  "Аспапта ойнау", "Бейнелеу және қолөнер", "Көркем сөз" және "Шығарма", "Вокал" және "Хореография" секілді номинациялар бойынша бақ сынады.
Кіл мықтының ішінде жерлестеріміз де топ жарды.
"Аспапта ойнау" номинациясы бойынша Рамадан Құмарғали (фортепиано) І орын және аталмыш қордың ұйымдастыруымен Халықаралық "Біз бақытты баламыз" байқауына шақырту сертификатының иегері, ІІ орынға Айдана Амангелдина (домбыра), Сымбат Алпысбай (фортепиано, домбыра), Аңсана Ниязова (домбыра), "Сезім-ай" дуэті (фортепиано, домбыра), ІІІ орынға Жаннұр Мағжанова (фортепиано) лайық деп танылса, Мансур Наурызбаев пен Айару Айбекова секілді қос өнерпаз арнайы жүлде иегерлері атанды.

Бұл өнерпаз шәкірттердің ұстаздары Дархан Бисенғалиев, Айгүл Сапаралиева, Әсел Бисенғалиева алғыс хаттарға ие болды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале