Батыс Қазақстан облысында қыз шақалақты тірі туған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың біздің өңірдегі тілшісі.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қазталов ауданы Жаңажол ауылында 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін пакетке салып, әжетханаға тастаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ үсіп өлген. Ауруханада жатқан қызбен психологтар жұмыс істеуде.
zhaikpress.kz