27.11.2020, 11:07
Оқылды: 31

Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым.

1148AA62-834B-46C1-A4F3-85BE26B3FD3B

Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет.

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары 109 Call-орталығына қоңырау шалу арқылы өзінің дауыс беретін сайлау учаскесін анықтай алады. Ал облыс орталығы Орал қаласының тұрғындары ұялы телефондарында SmartUralsk мобильді қосымшасы болса, сонда ЖСН теру арқылы анықтау мүмкіндіктері бар.

Батыс Қазақстан облысының да барлық аймағында Call-орталықтар жұмыс істейді.

Орал қаласы 8 (71112) 500255;

Ақжайық ауданы 8 (71136) 91349;

Бөкей ордасы ауданы 8 (71140) 21230, 21190;

Бөрлі ауданы 8 (71133) 20352;

Бәйтерек ауданы 8 (71130) 22556, 23490, 22702;

Жаңақала ауданы 8 (71141) 21100;

Жәнібек ауданы 8 (71135) 21910, 21240;

Казталов ауданы 8 (71144) 31679, 31167;

Қаратөбе ауданы 8 (71145) 31826;

Сырым ауданы 8 (71134) 31163, 21129;

Тасқала ауданы 8 (71139) 21382;

Теректі ауданы 8 (71132) 21202; Шыңғырлау ауданы 8 (71137) 34199.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале