Қараша айының соңғы күндері болғанына қарамастан Бәйтерек ауданы Дариян ауылы көшелерінде тазалық жұмыстары жүруде. Игі іске ынтамен кіріскен тұрғындар «Тазалық табалдырықтан басталады» ұранымен ауыл ішін тазарту жұмыстарына белсенді араласуда.
-Ауылға кіре беріс және оған жалғасып жатқан Л.Толстой көшелеріндегі өсіп кеткен бұталар мен артық өскіндері кесіліп, арнайы полигонға шығарылуда. Қалай болғанда да, тазалық мезгіл талғамайды. Жылдың қай мезгілі болмасын айналамызға ұқыптылықпен қарап, немқұрайлылық танытпасақ нұр үстіне нұр болмақ,- дейді Дариян ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Тілек Кәкенов.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz