30.11.2020, 11:55
Оқылды: 77

NIS кестесінде – Тұңғыш Президент күні

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері бір мезгілде орындалды.

CB91214A-A82B-4651-A69F-E414C42D8CC2

Бірінші желтоқсанға Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де ауқымды бағдарлама жоспарланған.

Ұлт көшбасшысы бастамаларының бірі –  ел астанасын орталыққа көшіру. Оқушылар бұл туралы не біледі? Неліктен бұл қала армандар қаласы аталады?

 7-8 сынып оқушылары осы сауалдардың жауабын «Нұр-Сұлтан қаласына виртуалды экскурсиядан» білді. Оқушылар елорданың жаңа келбеті туралы әңгімеледі. Сонымен қатар астаналық зияткер тікелей эфир арқылы Бейбітшілік және келісім сарайына экскурсия жасады.

Шаңырақ көшбасшыларының форумында  оқушылар елдің басты бағдарламасы –«Рухани жағыру» және болашақ қазақстандық қандай болуы керегін талқылады. NIS Talks шарасында спикерлер мен өңірдің басқа мектептерінен шақырылған оқушылар онлайн режимде білім беру жүйесі, бейбітшілік, Елбасының бітімгерлік бастамалары туралы ой бөлісті. Сондай-ақ «Елбасы медалі» медаліне қатысушылардың баспасөз мәслихаты түрінде куратор сағаттары өтті.

68C805A8-07F5-433F-BF18-3E921039F91C

Айта кетейік, барлық Зияткерлік мектепте «Бүгінгі шаңырақ көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған.

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале