1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин партияға қабылданған азаматтар мен азаматшаларға партиялық билеттерін табыстады.
Сонымен бірге Ерболат Мұратқалиұлы партияның жаңа мүшелеріне партияның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, бағдарламасымен таныстырды және алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.
Партияға қабылданған азаматтар жауапкершілікті сезіне отырып, болашақта қоғамның дамуына өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz