Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл ауылының кіреберісіндегі тас жолдың ашылу рәсімі өтті. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарына жылы лебізін жеткізді.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары да аудан, ауылдық округ басшыларына ризашылықтарын білдіріп, жыр-шумақтарын арнады.
Айта кетейік, ауылдың кіреберісіндегі екі шақырымдық жолға орташа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған аудандық бюджеттен 106 млн. 980 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алуды «Жайық Сити» ЖШС-і ұтып алған болатын.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы