Жыл сайын ауылдық мектептердің 5,6-сынып оқушылары арасында 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуына мүмкіндік беретін «Мың бала» ұлттық олимпиадасы ұйымдастырылады.
Жоба 2 кезеңге бөлініп, өткізіледі: сырттай және тікелей. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған. Өткен оқу жылында болған аталмыш байқауда №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің оқушысы Айназым Самиғолла бақ сынап, жеңімпаз атанды. 6-сынып оқушысы А.Болатбекқызы ең жоғары нәтиже көрсетіп, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының дипломымен марапатталды. Сондай-ақ ол облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында білім алуға жолдама алды.
Өзі білім алған мектебінің, ұстаздарының мәртебесін асқақтата білген Айназымға «Жарайсың!» дей отырып, одан әрі биік белестерді бағындыра береріне сенеміз!
Ж.Хайрушева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz