ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына 33 шетелдік байқаушыны аккредиттеді.
ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, 2020 жылдың 22 қазанында сайлауды халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 2 отырыс өткізіп, 39 байқаушының аккредиттеді. Оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан - 29 байқаушы, ТМД миссиясы құрамында - 6 байқаушы және Ислам ынтымақтастық ұйымынан 4 байқаушы бар.
«2020 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 12 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросынан аккредиттеуге ұсынылды. Сонымен бірге 11 байқаушы 5 шет мемлекеттен аккредиттеуге ұсынылып отыр. Оның ішінде: Иорданиядан - 3, Қырғыз, Молдив, Молдова, Түрік Республикаларынан әрқайсысынан - 2 байқаушыдан. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күнінен 5 күн бұрын, жергілікті уақытпен 18-00-де аяқталады.
«Яғни, 2021 жылдың 4 қаңтар күні сағат 18-00-де аяқталады», - деді Анастасия Щегорцова.
zhaikpress.kz