8.12.2020, 9:22
Оқылды: 69

Футболдан ӘЧ- 2022: Қазақстан құрамасының қарсыластары жайлы не білеміз?

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан D тобына түсті. Қарсыластары - Франция, Украина, Финляндия және Босния және Герцоговина құрамалары. Айта кетейік, олардың арасында қазақстандық футболшылар Франция, Босния және Герцоговина құрамаларымен кездесіп көрген жоқ. Франция 2018 жылғы соңғы әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан.

фут

Ал Босния және Герцоговина құрамалары ортанқол құрама қатарында саналады. Әлем жұртшылығы Франция құрамасының әлеуеті жайында жақсы біледі. Бұл құрама қазір FIFA рейтингінде екінші орында тұр. Француз футболшылары әлем чемпионатында 1998, 2018 жылдары жеңімпаз атанса, 2006 жылы күміс, 1966, 1986 жылдарда қола жүлдеге қол созды.

Бүгінгі күндері құрама сапында Поль Погба, Оливье Жиру, Антуан Гризманн, Килиан Мбаппе секілді көптеген жұлдыздар ойын көрсетеді. Қазақстандық футболшылар Украина құрамасымен бұдан бұрын төрт мәрте кездесті. Оның барлығында әлем чемпионатының іріктеу сатысында жолы түйіскен. 2006 жылғы әлем чемпионатында іріктеу сатысында қазақстандықтар оларға өз алаңында 1:2 есебімен жеңілсе, сырт алаңда 0:2 есебімен есе жіберді.

Ал 2006 жылғы әлем чемпионатында өз алаңында 0:3 есебімен есе жіберіп, сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылып қалды. FIFA рейтингінде Украина 24 орында тұр. Үшінші қарсылас - Финляндиямен қазақстандық құрама бұдан бұрын үш мәрте кездесті.

Алдымен 2006 жылдың 28 ақпанында өткен жолдастық кездесуде екі құрама 0:0 есебімен тең түскен еді. Ойын соңынан кейінгі пенальтиде қазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 2008 жылғы Еуропа чемпионатында іріктеу сатысында фин футболшылары Алматыда 2:0 есебімен басым түссе, өз алаңында 2:1 есебімен тізе бүктірді. Финляндия FIFA рейтингінде 38-орында келеді.

Ал қазақстандық құрама Босния және Герцоговинамен бұдан бұрын кездескен емес. Аталған құрама FIFA рейтингінде 83 орынға жайғасқан. Еуропа құрлығындағы іріктеу кезеңі 2021жылдың наурызы мен 2022 жылдың наурызы аралығында болады. Жарыстың финалдық сатысы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсан аралығында өткізіледі.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале