Жерлесіміз, ұлағатты ұстаз, шебер домбырашы, керемет күйші Нұржан Сертековтің «Күй тілінде сәуле бар» атты кітабы жарық көрді.

Нұржан Орынғалиұлының бұл еңбегі өнерсүйер қауымның ғана қызығушылығын тудырамасы анық. Өлмес музыкалық мұрасы қалса да, есімдері ел жадынан өше бастаған өнер иелерін түгендеген бұл еңбекте бөкейлік күйшілер Қожақ Тайтурин, Дүржібай Бұқаров туралы тың деректердің өлке тарихын толықтырары анық.
«Бір басында бірнеше қасиет тоғысқан, сынықшы Қожақтың бір ғана «Ақсақ кері аты» күйшінің хас шеберлігін танытады» дейді автор. Ал төре тұқымынан шыққан талант Дүржібай күйшіміз саналы ғұмырын теміржолдың қара жұмысына арнаған екен. Оның орындаған күйлері алтын қорда сақталған. Аталмыш кітапта атақты Сейтек Оразалыұлы, ақжайықтық Мұқас, жалпақталдық Рахым күйшілердің бізге беймәлім тағдыр жолы мен шығармашылығы нақты дәйек, кәсіби тұрғыдағы терең талдаумен берілген. Нұржан ағамыздың бұл туындысы туған өлке тарихына қосылған сүбелі еңбек екені даусыз.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz