10.12.2020, 9:15
Оқылды: 47

Қазақстанның қай өңірлері көбірек инвестиция тартты?

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өңірлердің инвестиция тарту көрсеткіштері туралы айтып берді.

1E6B83D0-4123-4935-A1BF-F1B620426243

«Негізгі капиталға 10,6 трлн. теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестициялардың өскені байқалды. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан (66,7%) облысында және Шымкент қаласында (56,4%) байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар – Батыс Қазақстан (-28,2%), Қызылорда (-26,7%), Атырау (-23,1%) және Қарағанды (-15,5%) облыстары», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар көлемі артып жатыр. Олардың өсуі 17,3%-ті құрады. «10 айда сыртқы сауда айналымы 70,5 млрд. долларды құрады. Экспорт 39,2 млрд. доллар, импорт – 31,3 млрд. доллар болды. Осылайша, 7,9 млрд. доллар деңгейінде сауда теңгерімінің оң сальдосы сақталды», - деді ҰЭМ басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале