10.12.2020, 15:05
Оқылды: 12

Елімізде мұсылмандық діни рәсімдерге қатысты жаңа құжат қабылданды

Қазақстанда бірқатар мұсылмандық діни рәсім өткізуге қатысты өзгерістер енгізілді. Ол туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

5F1BDEB4-88C9-4904-AA33-44BABBAD503E

«Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы. Осы уақыттың ішінде діни басқарма ел алдында абыройға жетті. Бүгін осы мерейтой аясында IV республикалық имамдардың онлайн форумы өтіп жатыр. Форумда бірқатар діни құжат қайта қаралып, қабылданды. Атап айтар болсақ, «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданып отыр. Бұл құжаттар адамдардың діни мәдениетін сақтау мен дамытуға үлес қосады деген сенімдеміз», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Бас мүфтидің айтуынша, аталған құжаттардың заңдық күші жоқ, тек қана насихаттау мақсатын көздейді. «Мысалы, ас бергенде адамдар ысырапқа бармауы тиіс. Біз құжатта ас берудің уақыты мен қандай тағамдар болуы тиіс екенін көрсететін боламыз. Сондай-ақ, зират пен зиярат мәдениетіне келсек, қазір өздеріңіз білесіздер қасиетті орындарға барушылардың саны көбейіп жатыр. Осы орайда шариғат шеңбері мен салт-дәстүрге сай зиярат жасауды үйрететін боламыз. Яғни асыра сілтеушілік болмауы қажет. Бұның барлығы адамдардың діни рәсім мен әдет-ғұрыпты ұстану мәдениетін қалыптастыру мақсатында жасалынып отыр», - деді ол.

Діни басқармасының басшысы мәлім еткендей, алдағы уақытта діни рәсімге қатысты жаңа құжаттардың маңызын имамдар ел арасында насихаттайтын болады. Бұған дейін елордада өтіп жатқан имамдардың IV онлайн форумында ҚР Президенті атынан еліміздің бірқатар имамының марапатталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале