14.12.2020, 16:53
Оқылды: 32

Тұрғындар «Лидер» гипермаркетінің мерзімі өткен тағамдарды қоқыс контейнерлеріне лақтырылуына наразылық танытты

Жақында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұрат Мұқаев Зашаған кенті аумағындағы «Лидер» дүкенінің аумағында жергілікті халықпен экспромт-кездесу өткізді.

DD08BEDF-259A-4191-8A65-A5845AD45604

Алдын ала жоспарланбаған, ашық жүздесу барысында тұрғындар күннің суығына қарамастан, белсенділік танытып, кандидатқа өздерінің көкейкесті сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін де жеткізді. Олардың қатарында Зашаған кентінде орналасқан полиция учаскесі қызметкерлерінің жұмысын қадағалау және көпқабатты үйлердің ауласына балалар алаңын салу туралы ұсыныстар болды.

Зашаған кентінің тұрғыны Мира Төлегенова аумақтағы жол сапасын арттырып, көшені абаттандыру туралы ұсынысын айтса, Жәңгір хан 18/2 мекен-жайының тұрғыны Татьяна Фомина «Лидер» гипермаркетіндегі мерзімі өткен тағамдардың қоқыс контейнерлеріне ашықтан-ашық лақтырылуына көңілі толмайтындығын жеткізді.

AEFC2816-47C4-4F2C-95D6-1BDD4F25F554

Тұрғындармен кездескен Мұрат Мұқаев тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жазып алып, қойған сауалдарына тұщымды жауаптар қайтарды. Сондай-ақ  ол зашағандық тұрғындарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауға тегістей қатысып, өз таңдауы арқылы дауыс беруге шақырды.

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале