15.12.2020, 10:06
Оқылды: 14

Қазақстанда кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған үшжақты келісімдер жасау тетігі енгізіледі

Қазақстанда кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған үшжақты келісімдер жасау тетігі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

ынта

«Дүниежүзілік сауда ұйымы алдындағы міндеттемелерді ескере отырып, ішкі нарықты одан әрі дамыту мақсатында отандық өндірісті қолдауды жалғастырамыз. 2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік сатып алуда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың арнайы тәртібі нормасы қолданылады. Оған 3400-ге жуық отандық кәсіпорын аккредиттелген», - деді министр.

Оның айтуынша, осы жылдың 30 қарашасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктері мен ірі мұнай-газ операторлары арасында Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құру ниеті туралы келісімге қол қойылды.

«Ұлттық режимнен алып тасталатын атаулар тізбесін кеңейту жұмыстары жасалып жатыр. 2021 жылы мемлекеттік органдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған үшжақты келісімдер жасау тетігі енгізіледі», - деді Бейбіт Атамқұлов.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале