Бүгін «Одақтар үйі» ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен кәсіподақ қозғалысына елеулі үлес қосып жүрген белсенділер марапатталды.
Аталмыш марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне ұйымдастырылды.
Мерекелік басқосуға орталық басшысы Айгүл Есекенова және салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мамандары қатысты.
Еңбек ұжымында және өндірістік ұйымдарда 20-30 және 40 жылдық еңбек өтілі бар кәсіподақ белсенділері Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының Құрмет грамотасы және алғысхаттарымен марапатталды. Атап айтар болсақ, марапатталғандардың іщінде - Ақжайық аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Әсел Ералиева, Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хұсайынова, «Батыс су арнасы» ЖШС инженер-гидрогеологы - Жулдыз Ерекешова, сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығында еткен іс-қағаздар жүргізу бойынша 32 жыл қызмет еткен Ирина Довгань болды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының 30 жылдық мерейтойлық марапатымен «БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Есекенова марапатталды.
Мерекеде мерейі артып, еңбегі бағаланып, марапат алған барлық кәсіподақ белсенділерін шын жүректен құттықтаймыз!
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ