15.12.2020, 20:29
Оқылды: 38

ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Казталов ауданында

10 қаңтар күні ҚР Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауы өтеді. Осы мақсатта әр партия өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын бастағандығы, әр аймақта сайлау алды штабының құрылғандығы мәлім.

IMG_8531

Мақсаты айқын «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев, Сәбира Сүндетова ауданымыздың Казталов, Жалпақтал, Тереңкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуді «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин жүргізді.

37d5538a-02da-4813-9d27-4427e9bafa19

Үгіт-насихат жұмыстары барысында әр үміткер партияның Казталов аудандық филиалының алдағы бес жылдыққа арналған бағдарламасын негізге ала отырып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген бағыттары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар үміткерлер тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, айтылған кейбір мәселелердің шешу жолдарын да атап өтті.

Үміткерлердің тұрғындармен кездесуі санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале