16.12.2020, 23:28
Оқылды: 29

Бөрлі жастары балкондарға ту ілді

Бөрлілік белсенді жастар бүгін Тәуелсіздік мерекесінде мемлекеттік туды 10-шы шағынаудан, 21 мекенжайындағы көпқабатты үйдің балконы мен терезесіне ілді.

C6A1281C-A613-4FDA-A08C-CA1D3203A7FB

«Біз Бөрлілік жастар елге, Отанға деген сүйіспеншілікті осылайша білдіруді ұйғардық. Көріп тұрғандарыңыздай көпқабатты үйдің балконында Тәуелсіздігіміздің символы – көк Туымыз желбіреп тұр. Мұндай сәт әр азаматқа патриоттық рух беріп, ерекше сезім сыйлары сөзсіз. Оған қоса рухты әндерімізді де қосып қойдық. Көпқабатты үйдің тұрғындары төмен түсіп, отбасыларымен келіп бірі суретке, бірі бейне жазба жазып, жақсы бастама екенін айтуда. Біздің басты тілегіміз – көк байрағымызды көкте желбірету. Отанын шын сүйетін патриот жастар еліміздің өркендегенін, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болғанын қалайды»,- дейді Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Руслан Азаматов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарауды тапсырып, ҚР Премьер-Министрі Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат беретін Қаулыға қол қойған болатын.

                                  Сәнім Меңдібай

 Бөрлі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале