22.12.2020, 9:12
Оқылды: 7

Тасқалада үгіт-насихат  жұмыстары жүргізілуде

Жуырда «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және сайлауалды штаб мүшелері аудан орталығында орналасқан мекеме қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ такси жүргізушілеріне де алда болатын сайлауға әзірлік жөнінде түсінік берілді.

үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде

Сайлауалды штаб жетекшісі Люция Жұбанышқалиева бастаған штаб мүшелері кездесу барысында сайлау науқанының қызған шағын және оған аудан жұртшылығы болып түгелдей атсалысуымыз керектігін түсіндірді. Әлеуметтік желілердегі жүргізіліп жатқан насихат жұмыстары жөнінде нақты түсініктер берілді. Өз кезегінде сайлаушылар ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Бірлік ауылында электр желісінің төмен кернеумен берілетіндігі тілге тиек етілді. Ұсыныстар тиісті қызмет орындарына жеткізілетін болады.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале