19 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мадияр Байжанов Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округіне атбасын бұрып, елді мекендегі сайлаушылармен кездесті.
Кандидат ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының ауқымды істері мен сайлауалды бағдарламасы туралы баяндады.
Жалпы бұл ауыл халық денсаулық, білім, халыққа қажетті өзге де нысандармен жабдықталған. Шаруа қожалықтары да баршылық.
Басқосуда ауылдың одан әрі даму жоспарлары мен болашағы әңгіме өзегіне айналды. Кездесу барысында ауылдық округ бойынша ақсақалдар кеңесі мен Қоғамдық Кеңестің төрағалары сөз алып, «Nur Otan» партиясының еліміз бойынша атқарып жатқан игі істерін тізбелеп отырып, кандидат М.Байжанов түсіп отырған «Nur Otan» партиясының сайлауда жеңіске жетіп, халықтың аманатын орындау жолында адалдықпен қызмет етеді деген сенімдерін білдірді.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz