22.12.2020, 9:57
Оқылды: 13

Тасқалада сайлаушылармен кездесу өтті

Тасқала ауданы көлемінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүруде. Өткен жексенбіде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Л.Жұбанышқалиева, Н.Мусенов, Ж.Бисенғалиева, А.Бақтыгереева Мереке ауылдық округі сайлаушыларымен кездесті.

мереке кездесу (4)

Кездесу барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға дауыс беруге шақырды. Сонымен қатар аудан бойынша атқарылған игі істерге тоқталып, игі істердің жалғасын табатындығы жөнінде ақпараттар ұсынды.

«Nur Otan» партиясының жеті бағыты туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

мереке кездесу (3)

- Қазіргі таңда аудан орталығында штаб құрылғаны баршаңызға мәлім. Сондықтан да ел болашағына бейжай қарамай, 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысуларыңызды сұраймыз. Сайлауда бірнеше партия бар, соның ішінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз, - деді үміткер Л.Жұбанышқалиева.

Тұрғындардың көпшілігі «Nur Otan» партиясын қолдайтынын, сайлауға міндетті түрде баратындықтарын жеткізді.

Б.Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале