22.12.2020, 17:27
Оқылды: 27

Болашақ – жастардың қолында

Орал қаласындағы Жастардың шығармашылық мәдениет үйінде Қазақстан Халық Партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Сүйінғали Жарлығасымов сайлауалды үгіт-насихат науқанының шеңберінде аталған орталықтың ұжымымен кездесті.

хал 2

Кездесу барысында еліміздің жастарын қолдау, олардың қоғамдағы рөлі мен орны тағы да басқа еліміздегі қалыптасқан өзекті мәселелер талданып, талқыланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер С.Жарлығасымов жиналғандар алдында жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы тақырыптарды сөзіне сүйеніш етті.

Жиында, сондай-ақ білім берудің қолжетімділігі және қазақстандықтардың бастамаларын қолдау жайы да назардан тыс қалмады.

– Партия жас отбасыларды қолдау құралдарын арттырмақ. Ол үшін әр өңірде әлеуметтік тұрғын үйге квоталар бекіту және тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несиелер беру сияқты үлкен қадамдар жасалмақ. Біз қоғамның тұрақты дамуы жолында еліміздің жастарын қолдауға тиіспіз. Жас отбасылар мен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткіземіз. Бұл мақсатта мемлекет шаршы метрдің қолайлы құнын және мұқтаждарға қолдау көрсету құралдарын несиелеудің нөлдік мөлшерлемесін белгілейтін болады. Сонымен қатар Қазақстанда жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру сапасының ең төменгі стандарттарын заңнамалық деңгейде бекіту қажет, - деді ол.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Қазақстан Халық партиясы еліміздің мәдени, білім беру және спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдаудың жаппай жүйесін құруды қолдайтынын, барлық азаматтарды тегін білім, сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету, қолжетімді баспана сатып алу және өздерінің шығармашылық, зияткерлік, еңбек пен патриоттық әлеуетін жүзеге асыруда тең мүмкіндіктерге ие болуға тиіс екендігін баяндады.

– Мұның бәрін іске асыру әрбір жас қазақстандыққа өз отбасын құруға және балаларын толыққанды шаңырақта лайықты жағдайда өсіруге мүмкіндік береді, - деді өз сөзінде Сүйінғали Жарлығасымов.

 

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале