23.12.2020, 10:15
Оқылды: 28

Аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ

Биылғы он бір айда Шыңғырлау ауданында тіркелген жалпы қылмыстар санының төмендеуі байқалады. Яғни есепті мерзім ішінде 99 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 26,1 пайызға төмен.

 аса1

Ең көңілді тоғайтатыны күні бүгінге дейін аса ауыр қылмыстар тіркелмеді. Тіркелген жеңіл дәрежедегі қылмыстар саны – 14 (бұрын 18), соның 85,7 пайызы ашылған. Орташа дәрежедегі қылмыстар саны – 46 (бұрын 61), соның 93,9 пайызы ашылған.

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау құрайды. Дәл осындай 40 қылмыс орын алды. Одан бөлек 9 мал ұрлығы болып, аудан аумағынан 41 бас  мал жоғалды. Тергеу-тексеру жұмыстарының нәтижесінде ұрланған 5 ірі қараның 4-еуі, 32 жылқының 1-еуі, 4 ұсақ малдың 4-еуі иелеріне қайтарылды. Жоғалған малды іздеуге көмек сұраған тұрғындардың 14 арызы қаралып, жоғалған мал табылып, иелеріне қайтарылды. Осы орайда мал негізінен жайылымнан ұрланатынын, сондықтан мал иелері мұқият қараулары керектігін қаперге салғым келеді. Көпшілігі малының қай уақытта, қай жерден ұрланғанын тап басып айта алмайды. Нәтижесінде қылмыстың ізі суып, қылмысты уақытында ашу қиындайды. Аудан шекарада тұрғандықтан, барымташылардың арасында көршілес Ақтөбе облысы тұрғындары да бар. Біз өз тарапымыздан БҚО аумағында ауыл шаруашылығы малын бағу ережелерін бұзған 192 тұлғаны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарттық.

Есепті мерзім ішінде 3 пәтер ұрлығы (2019 жылы - 15), 7 ұялы телефон ұрлығы (2019 жылы - 5) тіркеліп, бұлар жүз пайыз ашылды. Сондай-ақ «өткен жылдардан» келе жатқан 6 қылмыс ашылды. Есірткілік заттардың заңсыз айналымына  қатысты  5  дерек  анықталды.

Аталған мерзімде полиция қызметкерлері 1633 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, соның ішінен 494 материал бойынша 5 млн 558 мың 132 теңге айыппұл салып, соның 4 млн 596 мың 780 теңгесі  өндірілді  (82,7 пайыз).

Отбасылық-тұрмыстық бағытта 1 қылмыс жасалды. Осы бағыттағы құқыққа қайшы іс-әрекеттері үшін 46 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауданда жол-көлік оқиғалары саны  9-дан 7 дерекке дейін азайды. Екі адам  ажал құшып, жеті адам дене жарақатын алды (өткен жылы бір адам көз жұмды, 24 адам дене жарақатын алды). Аутокөлікті мас күйде басқарған 33 адам анықталды, солардың 23-і жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Жеті адам 20 тәулікке қамалып, бір дерек бойынша 338 920 теңге айыппұл салынды, 2 материал сотта қаралуда. Есепті мерзім кезінде көлік басқару құқығынан айырыла тұра көлік жүргізген тұлғаларға қатысты 6 іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Енді ол тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Сергей  Астафьев,

Шыңғырлау  аудандық  ПБ  бастығы,  полиция  подполковнигі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале