24.12.2020, 16:38
Оқылды: 18

«Nur Otan» партиясына дауыс бергендеріңіз тыныштық пен тұрақтылықты таңдағандарыңыз»

Бүгін республикалық сайлауалды штабының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Орал қаласында болып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындармен жүздесті.

WhatsApp Image 2020-12-24 at 15.59.22 (1)

Кездесуге сондай-ақ республикалық сайлауалды штабының өкілі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Рахат Жақсыбаев, облыстық сайлауалды штабының мүшесі, «ҚазИИТУ» оқу кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов қатысты.
Еліміздің бас қаласынан келген делегация алдымен орталықтың ішін аралап, жұмысымен танысып өтті.
- Осыдан бірнеше жыл бұрын кез келген құжаттарды рәсімдеу немесе жүргізуші куәлігін алудың жұмысы өте көп болатын. Бір шаруаны бітіру үшін қыруар уақытымызды зая кетіріп, ұзын сонар кезекте тұратын едік. Бүгінде бұл қызметтердің барлығы автоматтандырылғанының куәсі болудамыз. Бірақ бұл жеткен жетістігімізге тоқмейілсімеуіміз керек. Әлі де дамуды, жоғары өрлеуді ойлағанымыз жөн. Мұндай жетістіктерге елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен татулықтың арқасында қол жеткізгенімізді естен шығармауымыз қажет. Бізге қарағанда анағұрлым мықты, халық саны көп елдер де бар. Кез-келген елде тыныштық бұзылса, күнделікті тірліктің өз жайына қалатынына куә болып жүрміз. Тұрақтылық шайқалса, көлік немесе жүргізуші куәлігін алу секілді ағымдағы шаруалар өз жайына қалатыны белгілі. Өз қара басы өзіне қайғы болып кетіп жатқан елдер де бар. Ондай жағдайдың бетін әрмен қылсын. Осыдан оншақты жыл бұрын жақсы кинофильмдер түсіру үшін өзімізге көршілес елдерден мықты режисерларды шақыратынбыз. Олардың кәсіби деңгейі жоғары болғандықтан еңбегі үшін төленетін қаражат та қомақты сомманы құрайтын. Кейін сол мемлекеттерде тұрақсыздық орын алды. Қыруар істері тұралап, жағдайлары қиындады. Сол шақта былайша айтқанда, бұрын «он теңгеге» көндіре алмайтын мамандардың «үш теңгеге» өздері жалынатын жағдайға жеткенін көрдік. Міне, көріп тұрсыздар ма, өмірдегі ең жаман нәрсе ол –тұрақсыздық. Тыныштық шайқалса ертеңіңді де жоспарлай алмай қаласың. Ал ол ауыртпалықтың барлығы ең бірінші өзіміз секілді қарапайым қара халықтың мойынына түседі. Елдегі бейбітшілікке іріткі түсірген адамдарды сол кезде жанымыздан таппай қаламыз. Себебі олар алдын-ала жүктерін жинап, шетел асып, қашып кетуге дайындалып қояды. Сондықтан елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік сіздер мен біздерге керек. Ал бүгінгі күнде «Nur Otan» партиясы сол тұрақтылықтың бірден-бір кепілі болатынына сіздерді сендіргім келеді.

WhatsApp Image 2020-12-24 at 15.59.22 (2)

Шыны керек, бүгінде халық арасына іріткі салудың, әлеуметтік желідегі небір мазмұндағы хаттар мен хабарламалар таратудың кесірінен көршілес елдерде келеңсіз жағдайлар орын алуда. Сондықтан әр нәрсеге байыппен қарап, ел болашағының ертеңін ойлауымыз қажет. Өскелең ұрпаққа да дұрыс тәрбие беріп, тыныш өмір сүруге бейімдеуіміз керек. Ертеңгі сайлауға тегістей қатысып, өз таңдауларыңызды жасап, еліміздегі жетекші партияға дауыс беріңіздер. «Nur Otan» партиясына дауыс бергендеріңіз тыныштық пен тұрақтылықты таңдағандарыңыз, - деді Бекболат Тілеуханов.

WhatsApp Image 2020-12-24 at 15.59.22

Кездесуде сөз алған Ақсерік Әйтімов те «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, тұрғындарды алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.
Шара соңында Бекболат Тілеуханов Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылының тұрғыны Нұрбол Қошқарбаевқа орталықтан өз көлігіне алған су жаңа мемлекеттік номерін табыс етті.

 

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының

сайлау қоры қаражатынан төленді. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале