24.12.2020, 18:41
Оқылды: 2

Фронт кеңсе ашылды

Бүгін облыс әкімдігінде фронт кеңсе ашылды. Кеңседе тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық, білім беру, спорт салалары бойынша кеңестер ала алады.

IMG-20201224-WA0013

- Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштерді қараудың жаңа нысанына көшу аясында облыс әкімі аппаратында фронт кеңсе ашылып отыр.

IMG-20201224-WA0016

Бұл кеңсе – өңір тұрғындарының өтінішіне «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел жауаптар алуға мүмкіндік туғызбақ.

Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындар үшін мемлекеттік құрылымдардың қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру. Облыстағы барлық салаларда лауазымды қызмет атқаратын тұлғалардың  тұрғындарды қабылдау кестесі бекітілді, - деді облыс әкімі апаратының Өтініштер бөлімінің басшысы Ақжеміс Сағаденова.

IMG-20201224-WA0012

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале