25.12.2020, 10:40
Оқылды: 40

Қаратөбеліктермен кездесті

23 желтоқсан күні «Ақжол» ҚДП БҚО филиалының өкілдері Қаратөбе ауданы тұрғындармен кездесті.

 ақ

Жиын барысында «Ақжол» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Әлеуметтік әділеттілік – партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі екені айтылды. «Ақжолдықтар» ел азаматтарына деген қамқорлық медицина, білім беру, тұрғын үй және лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады деген ұстанымда. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін партия несие алуда халыққа бірқатар жеңілдік жасалуы керек деп есептейді. Атап айтқанда, ипотека, тұтыну тауарлары үшін шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері берілетін несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін 7-8%-дан аспайтындай етіп бекуі қажет. Оған қоса халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорлары қызметінің ашықтығы да қамтамасыз етлуі керек деп есептейді партия өкілдері.

Кездесу соңында «ақжолдықтар» тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

 

Ернар Серік,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале