Биыл жыл басынан бері 281 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 71 адам қаза тапты, 339 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Адам өмірін сақтау мақсатында 311 шақырым аутомобиль жолына 1800 жол белгісі орнатылып, 748 белгі қалпына келтірілген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің төрағалығымен өткен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның отырысында айтылды.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің №102 санындағы журналист Ләззат Шағатайдың «Жол қозғалысы әрдайым қауіпсіз болуы керек» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz