25.12.2020, 15:26
Оқылды: 22

«Nur Оtan» кәсіпкерлерді қолдайды

23 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Теректi аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев, аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер Əлжан Нұрғалиев, Сержан Идиятов және Мұрат Бисенов Приречный ауылдық округiндегi «Бисен» шаруа қожалығының қызметкерлерiмен кездестi.

БИСЕН (1)

Жүздесуде Теректі аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Әлжан Жақсыгерейұлы «Nur Оtan» партиясының бағдарламалары арқасында осы уақытқа дейін Приречный ауылдық округiнде атқарылған істерді баяндады. Таза ауыз су мен кɵгiлдiр отынның кiргiзiлуiн, мектеп пен мəдениет үйiнiң күрделi жɵндеуден ɵткенiн айтып, партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде алдағы 5 жылда аудан бойынша атқарылатын жобалармен таныстырды.

Теректі аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің бірі Сержан Серікұлы партияның кәсіпкерлерді қолдайтынын атап, ауданымызда жыл сайын 200-ден астам адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несие мен гранттарға қол жеткізе алатынын, 2025 жылға дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу бағытында 100 жоба жүзеге асатыны жоспарланғанын мәлімдеді. Әйтиев ауылындағы жылыжай кешенінің, Федоровка ауылында супермаркет, Жаңа өмір, Жайық, Долин ауылдарының жол бойында кемпинг құрылысының жүзеге асуы да жоспарда барын айтты.

БИСЕН3

Қазiргi жағдайларының жақсы екенiн жеткiзген шаруа қожалық жұмысшылары Приречный ауылына кіреберіс жолды күрделі жөндеуден өткізуді сұрады.

«Бисен» шаруа қожалығымен, ондағы қызметкерлердiң тыныс-тiршiлiгiмен танысқан «Nur Оtan» партиясының мүшелері жиын соңында Приречный ауылының тұрғындарын партияны қолдауға шақырды.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

 

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық

Сайлау қорының қаражатынан төленді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале