«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін?!
Қайырымдылық деген игі қасиеттің бір әдемі үлгісі жуырда Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылында көрініс тапты. Көпжасар ауылдық округі әкімінің қолдауымен Көпжасар ауылының тұрғыны Айтуған Тастенов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі аясында жылқы малын сойып, ауылдағы аз қамтылған 10 отбасына таратып берді.
Қайырлы істің ұршығын иірген ауыл азаматы жігітке тән жомарттықтың үлгісін көрсетті. Игі іске ұйытқы болған Айтуған Шаймарданұлына ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде.
А.Әлжан,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz