28.12.2020, 8:53
Оқылды: 18

Шыңғырлауда «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында кездесу өтті

Бүгінде елімізде отандық өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Халық қалаған өнімнің сапасын арттыру – бүкіл әлемге танылатын «Қазақстан­да жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді. Халық тұтынатын қазақ­стандық тауарларға сұраныстың жоғарылауы кәсіпкерлерді аталмыш салаға қаржы салуға ынталандырады. Еліміздегі ешқандай химиялық қоспасы жоқ өнімді жеткізуде отандық кәсіпкерлер барлық мүмкіндікті пайдалана алуы керек деген бағыт-бағдар «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасында да ескеріліп отыр.

IMG_8190

Осы бағыттағы жұмыстардың барысы алдағы сайлауға қатысты пікір алмасу мақсатымен аудан орталығындағы «Патриот», «Теща» супермаркетінде «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында кездесу өтті.

Аудандық «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат тобының белсенділері жеке кәсіпкерлер Р.Камзаев және Л.Жумалиева басқарып отырған ұжыммен кездесіп, еліміздегі жетекші партияның кәсіпкерлерді қолдайтындығын айтып, жұмысты дамытуда түрлі бағдарламалар бар екендігін алға тартты.
- Тауар сапалылығы мен бағаның да көңілге қонымды болуын үнемі қадағалауда ұстаймыз, - дейді бизнес өкілдері.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале