28.12.2020, 15:35
Оқылды: 12

Шыңғырлаулық кәсіпкерлер партия саясатын қолдайды

Алдағы жылы елімізде Мәжіліс және әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтпек. Осыған орай Шыңғырлау ауданында да үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

IMG_8068 (3)

«Nur Otan» партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Байтенова, А.Камзаева және С.Қазиев орталықта орналасқан «Барыс» сауда үйінде болды.

Сайлаушылар алдында сөз алған кандидаттар аудандағы кәсіпкерліктің даму жайы, мемлекет тарапыпан көрсетіліп отырған қолдаулар, аз қамтылған отбасы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан көмектер туралы әңгіме өрбітіп, кәсіпкерлердің бүгінгі тыныс-тіршіліктеріне қанықты.

IMG_8054

Отбасы бюджетін толықтырып, күнделікті нәпақаларын адал еңбекпен табуға тырысып жүрген жандардың жұмыс орындарына, бүгінгі күнге деген ешқандай өкпе-реніші жоқ.

                                                                                                   Г.Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале