28.12.2020, 15:49
Оқылды: 19

Шыңғырлаулық сайлаушылар партияны қолдайды

10 қаңтарда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауы өтетін саяси науқанға да аз уақыт қалды. Шыңғырлау ауданында да маңызды шара қарсаңында үгіт-насихат жұмыстары қыза түсуде. 

index5

Кандидаттар ауыл-аудандағы сайлаушылармен, ұжымдармен кездесіп, партияның ауданды дамытуға арналған 7 басым бағытында жоспарланған жұмыстар легімен кеңінен таныстыруда.

Жуырда аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Галина Волкогон кезінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруде еселі еңбек еткен азамат-азаматшалардың отбасыларында болды.

Кезінде партия қызметінде болған Любовь Пашина, аудандық жер қатынастары бөлімінің үздік маманы болған Галина Рамизова сынды еңбек ардагерлері алдағы өткелі тұрған сайлаудан да, ауданды дамытуға арналған 7 басым бағытпен де кеңінен таныс екендіктерін мәлім етті.

Елімізде болып жатқан жаңалықтарға құлақ түріп отыратын, газет-журнал оқитын, әлі де қандай тақырып қозғалса да өз пікірлерін жеткізе айта алатын аудан тұрғындары партия алдымен ел тыныштығы мен бірлігін басты назарда ұстауы тиіс деді.

Өйткені, мынау алмағайып заманда көп ұлт пен этнос өкілдері мекен еткен Қазақстан үшін алдымен бейбітшілік керек. Ауыл-аймақты дамытуға арналған мемлекеттің қай бағдарламасын да жүрексінбей құп алып, өз кәделеріне жарату көзі ашық, еңбек еткісі келетін әр тұрғынға беріліп отырған үлкен қолдау.  Еліміздің нағыз патриоттары ретінде еңбек ардагерлері 10 қаңтар күні сайлау учаскеліне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс береміз деп сендірді.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале