Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдерінің Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті.
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ауыл» ХДПП филиалының төрағасы Мынаутаубиік Әнесов партияның сенімді өкілдерімен бірге аудан орталығында бәйтеректіктерге партия бағдарламасын таныстырды.
Отбасы құндылығы, ұлттық құндылық, мәдениет, әдебиет, салт-дәстүр тақырыбында сөз қозғаған партия өкілдері ауылдың ең өзекті мәселелерін кешенді түрде шешу, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету мәселелерін алға тартып, азаматтардың сауалдарына жауап берді.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz