29.12.2020, 11:43
Оқылды: 19

Мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігіне жете мән берейік

Жаңа жылдық іс-шаралар қарсаңында азаматтық қорғау құрылымдарының қызметкерлері полиция өкілдерімен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігіне жете мән берейік

Осындай іс-шаралардың бірі – өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін өнімдердің санкцияланбаған саудасын анықтау мақсатында пиротехникалық бұйымдарды сақтау және өткізу орындары бойынша рейдтер жүргізу. Полиция қызметкерлері өнімнің рұқсатсыз сатылғаны анықталған жағдайда тауарларды тәркілеуге дейінгі әкімшілік сипаттағы шараларды қолданатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында өткен брифингте БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков мәлім етті.

– Жаңа жыл келіп қалды. Отшашулар, түрлі пиротехникалық бұйымдармен сүйемелденетін бұл мерекеге ешкім селқос қарамайды. Облыста карантиндік режім енгізілгеніне және жаппай іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, жаңажылдық іс-шараларды өткізу және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде барлық сақтық шарасын сақтау туралы ескерткіміз келеді. Мәселен, БҚО ТЖД үй-жайларда іс-шараларды өткізген кезде отшашуды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр қашықтықта болғаны дұрыс. Оларды тал-теректің астында орналастыруға тыйым салынады. Сондай-ақ доғалық прожекторларды, шырақтарды қолдануға, отшашулар және басқа да жарықтық өрт қауіпті әсерлерді жасауға, қолдан жасалған электр гирляндаларын, түрлі-түсті музыкалық қондырғыларды, электрлі музыкалық аппаратураларды, шыршаларды айналдыруға арналған құрылғыларды қолдануға және шырша гирляндаларының жыпылықтау әсерлерін жасауға, ашық от көзін қолдана отырып, басқарылмайтын ұшатын шамдарды пайдалануға және іске қосуға әсте болмайды, - деді Нұрлан Сейдаханұлы брифингте.

Отшашуларды, өзге де пиротехниканы дұрыс пайдаланбау өртке себеп болуы мүмкін. Оны қолдану әр түрлі ауырлықтағы термиялық жарақат алу қаупін тудырады, ал кейбір жағдайларда өрт пайда болады. Мысалы, 2018 жылы жаңа жылды тойлау күні 6, 10, 11 және 12 жастағы балалар дене жарақаты мен дене көгеруімен ауруханаға жеткізілген.

 

Мұғалім Өтей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале