29.12.2020, 17:20
Оқылды: 420

Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейі ашылды

Мәңгілік тәуелсіз елді мұрат тұтқан Алаш арыстарының сиезі өткен Қаратөбе өңірінде жаңа музей бұқараға есігін айқара ашты. Алаш мұрасын насихаттау ісінде қанатты қолтаңба қалдырған Қайыржан Хасановтың есімін біраз ел ардақтап құрметтейді. Музей ғұмырының соңына дейін ел тарихын қаттап кеткен Қ.Хасановтың ұлдары Ержан және Нұржан Хасановтардың туған елге тартуы.

муз1

Қасиетті Қаратөбе өңірінде өткен Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінің салтанатты ашылу рәсімін ашып сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев рухани орталық тарту еткен тау-тұлғаның ұрпақтары мен Хасановтар әулетіне алғысын білдірді.

Салтанатты шараға ғалым, алаштанушы Дәметкен Сүлейменова, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бекен Қайратұлы, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов, Қостанай қаласының тұрғыны, Ы.Алтынсарин өмірі мен еңбектерін зерттеуші Роза Қуанова арнайы қатысты.

муз4

Музейдің салтанатты лента қию рәсімін Қайыржан Хасановтың жұбайы Ырысты Кәкімқызы, аудан әкімі Жанат Асылханұлы, тарихшы ғалым, алаштанушы Дәметкен Досмұханқызы, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы Тілекқабыл Сағынұлы жүргізді.

муз5

Батыс Алашорда өкілдеріне серпіліс берген 1918 жылдың ақпан айында өтіп, тарихта «Қаратөбе сиезі» деген атпен сиез өткен. Дәл осы қасиетті орында осы музей бой көтеріп отыр.

Музейде «Алаш» және «Қайыржан Хасанов» залдарымен қатар, үлкен мәжіліс, көрме залдары бар.

муз6

Музей таныстырылымынан соң мәжіліс залда шағын дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шарада бірқатар тұлғалар аудан әкімі Ж.Асантаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

муз8

Маралбек Амантаев,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале