Бүгін "Партияға пікір" акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мирболат Құрманғалиев пен Ақылбек Сағитов Ақжайық ауданының тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға ZOOM платформасы арқылы онлайн да қатысқан тұрғындар болды.
Өздерінің сұрақтарымен келген сайлаушылар экологиялық мәселелерді және Жайық өзенінің мәселесін көтерді. Яғни, жергілікті халық Чапаев ауылының сумен толық қамтамасыз етілуі және су құбырларын қайта жабдықтау шараларының керек екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесу барысында "Растоши-Тайпақ" газ құбырын қайта жөндеу, Алғабас ауылдық округі бойынша Первомай су арнасын тазарту, интернет желілер аумағын және жылдамдығын арттыру, "Барбастау-Индер" автомобиль жолының құрылысы мәселелері қозғалды.
Үміткерлер аталмыш сұрақтарға жауаптарын беріп, "Nur Otan" партиясының алдағы бес жылға арналған бағдарламасының бағыттарымен таныстырды.
Ақжайық ауданының тұрғындарын сайлауға қатысуға үндеп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының БҚО сайлау қоры
қаражаты есебінен төленді.